Жаңаөзенде сәбиді үйдің маңына тастап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңаөзенде сәбиді үйдің маңына тастап кетті Фото: Lada.kz

Жаңа туған сәби "Рахат" шағын ауданындағы үйдің маңынан табылды. Толығырақ ақпаратты Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа туған сәби "Рахат" шағын ауданындағы үйдің маңынан табылды. Толығырақ ақпаратты Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Баланың табылғаны туралы хабар "103" кезекші нөміріне 11 қыркүйек сағат 23.05-те түскен. Жергілікті тұрғын сәбидің жылап жатқанын естіген.

Жедел жәрдем бригадасы сәбиді Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасына жеткізген.

Баланың салмағы 2 килограмм 740 грамм және бойы 49 сантиметр. Дене температурасы 31 градус болған. Кіндігі дұрыс кесілмеген. Дәрігерлер бірден полицияға хабар берген.

 Фото Денсаулық сақтау басқармасынан

"Қазір бала интенсив терапия палатасында жатыр. Баланың жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. Оған ылғал оттек беріліп жатыр. Өздігінен тыныс алады. Баланың қайда туылғаны және неше күн болғаны белгісіз. Жағдайы жақсарғаннан кейін бала қамқорлық бөліміне беріледі", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети