Жаңаөзенде терроризмге қарсы операция өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңаөзенде терроризмге қарсы операция өтті Видеодан алынған кадр

Желіде Жаңаөзенде түсірілген қарулы полиция қызметкерлерінің видеосы пайда болды. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қала аумағында терроризмге қарсы операция жүргенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жаңаөзен полициясы 25-26 наурыз аралығында арнайы операция жүргізді. 

"Қала тұрғындарынан үрейленбеуін сұраймыз. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысына түсіністік танытып, мүмкіндігінше оларға көмек көрсетуге тырысыңыз", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Олар қала тұрғындарынан иесіз сөмке, қорап, сүлгі, шабадандарға және басқа да заттарға, әсіресе оларда сымдар болса назар салып жүруді сұрады.

"Күдікті заттарды ұстамаңыз және белгісіз біреулер ұсынған заттарды сақтауға немесе тасымалдауға алмаңыз", - деп толықтырды баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети