Жаңаөзендегі жарылыс: бір адам қаза тапты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңаөзендегі жарылыс: бір адам қаза тапты

Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен 13 адам ауруханаға түсті. Соның ішінде 29 жастағы ер адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен 13 адам ауруханаға түсті. Соның ішінде 29 жастағы ер адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалалық аурухананың баспасөз қызметі мәліметінше, екі адам жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр, бірінің 80 пайыз, екіншісінің 50 пайыз денесін күйік шалған. Басқа адамдардың жағдайы қанағаттанарлық.

Оқиға орнына облыс әкімі Нұрлан Ноғаев та барған. Үйіндіні аршу, құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, оқиға 17 сәуірде таңғы сағат 5 шамасында (Астана уақытымен) Жаңаөзен қаласындағы 2-шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде болған. Алдын ала болжам бойынша газ жарылғаны хабарланды. Ал салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған.

Еске салайық, бұған дейін Жаңаөзен қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, салдарынан 11 адам зардап шеккені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети