28 сәуір 2023 15:08

Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен екі адам қайтыс болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен екі адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі mangystaumedia.kz басылымына сілтеме жасап.


Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен екі адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі mangystaumedia.kz басылымына сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына ауыр халде жеткізілген екі науқас, яғни 1972 және 1977 жылы туған ер адамдар қайтыс болған.

"Зардап шеккендерге барлық қажет көмек көрсетілді. Өкінішке қарай, дәрігерлер оларды аман алып қала алмады, олардың жағдайы өте ауыр болды. Барша туысы мен жақынына қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз", - деді облыстық аурухананың баспасөз қызметі өкілі.

Айта кетейік, оқиға 17 сәуірде таңғы сағат 5 шамасында (Астана уақытымен) Жаңаөзен қаласындағы 2-шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйде болған. Алдын ала болжам бойынша газ жарылғаны айтылды. Ал салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған.

Еске салайық, бұған дейін Жаңаөзен қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, салдарынан 11 адам зардап шеккені хабарланған болатын. Сондай-ақ, құтқарылғандарды және медициналық көмекке жүгінгендерді қосқанда барлығы 8 адам ауруханаға жатқызылған еді. Ал кейін Жаңаөзендегі жарылыс кезіндезардап шеккендердің бірі жүкті әйел екені айтылды. Кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңаөзендегі жағдайға қатысты пікір білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети