ПОДЕЛИТЬСЯ
11 наурыз 2021 | 13:30
Жаңаөзендегі митинг. Газ қымбаттауына наразы жұртқа жауап берілді
Газ және мұнай-газ-химия департаменті директорының орынбасары Дәурен Әбілхайыров Жаңаөзенде газ қымбаттауына байланысты өткен митингіге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Газ және мұнай-газ-химия департаменті директорының орынбасары Дәурен Әбілхайыров Жаңаөзенде газ қымбаттауына байланысты өткен митингіге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жақында Жаңаөзенде сұйытылған мұнай газдың қымбаттауына байланысты айтатыным, Энергетика министрлігі тоқсан сайын шекті бағаны бекітеді. Ал оның айналымын бақылау жергілікті атқарушы органға міндеттелген", - деді Әбілхайыров.
Журналист Жаңаөзен халқы газды неге бірнеше есе қымбат сатып алатыны және осы мәселені шешуге министрлік не себепті талпынбай отырғанын сұрады.
Әбілхайыровтың айтуына қарағанда, сұйытылған мұнай газы бойынша жақында Маңғыстау облысы кәсіпкерлерімен министрлікте кездесу болды.
"Сол кездесуде Маңғыстау облысы кәсіпкерлері, Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттіктен, әкімдіктен, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасынан кіретін жұмыс тобын құру жоспарланды. Осы жұмыс тобы шеңберінде Маңғыстау облысы кәсіпкерлері көтеретін мәселелер, оның ішінде электрон сауда арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығы бойынша сұрақтар пысықталады", - деді Әбілхайыров.
Еске салайық, 9 наурызда Жаңаөзенде газ қымбаттауына байланысты митинг өткен еді. Қала тұрғындары әкімдік ғимаратының маңына жиналып, биліктен ТМД-дағы бөлшек сауда нарығындағы бағаны бірыңғай ретке келтіруді талап етті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также