10 наурыз 2021 09:12

Жаңаөзенде газ қымбаттауына байланысты митинг өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңаөзен тұрғындары қалалық әкімдік ғимаратының алдында митинг өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. Олар сұйытылған мұнай газының қымбаттауына наразылық білдірді.


Жаңаөзен тұрғындары қалалық әкімдік ғимаратының алдында митинг өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. Олар сұйытылған мұнай газының қымбаттауына наразылық білдірді.

Митинг 9 наурызда өткен. Қала тұрғындары әкімдік ғимаратының маңына жиналып, биліктен ТМД-дағы бөлшек сауда нарығындағы бағаны бірыңғай ретке келтіруді талап етті.

Жаңаөзен кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрсұлтан Мұхтарұлы жағдайға түсінік берді. Оның айтуына қарағанда, газ бағасын төмендету мақсатында әкімдік жеке кәсіпкерлермен және қаланың газ желісі ұйымдарымен тұрақты түрде кездесулер өткізіп тұрады. 

"Кәсіпкерлерге газ бағасын көтермеу туралы айттық. Қазір бақылау күн сайын жүргізіледі, басқарма бағаның тұрақты екенін бақылау үшін жанармай құю бекеттерін күніне екі рет тексереді", - деді Нұрсұлтан Мұхтарұлы.

Мұның алдында Ақтау жүргізушілері осындай жағдайға шағымданған болатын.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов газ қымбаттауына бөлшек бағаның шектік мөлшері алып тасталуы және "көгілдір отын" аукцион арқылы бөлінуі мүмкін екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети