Жаңаөзендік инженер газ бағасын 60 теңгеге дейін түсіру туралы ойын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңаөзендік инженер газ бағасын 60 теңгеге дейін түсіру туралы ойын айтты © facebook/azamat.sarsenbaev

Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев Facebook желісінде өзін Жаңаөзендегі Қазақ газ өңдеу зауытының бас инженерімін деп таныстырған ер адаммен әңгімесінің видеосын жариялады. Ер адам аймақтағы наразылық білдірушілердің сұйытылған газ бағасын 60-50 теңгеге дейін түсіру туралы талабына тоқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев Facebook желісінде өзін Жаңаөзендегі Қазақ газ өңдеу зауытының бас инженерімін деп таныстырған ер адаммен әңгімесінің видеосын жариялады. Ер адам аймақтағы наразылық білдірушілердің сұйытылған газ бағасын 60-50 теңгеге дейін түсіру туралы талабына тоқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін таңертең ҚазГӨЗ зауытын дроннан түсіріп жатқанда күзетші келіп, не істеп жатқанымды сұрады, мен зауытты түсіріп жатқанымды айтып, сұйытылған газ бағасына қатысты жағдайды айттым.

Бір таңғалғаным, күзетші күте тұр деді де, 10 минуттан кейін бір жігітпен келді. Бұл жігіт өзін газ өңдеу зауытының бас инженерімін деп таныстырды. Біраз тұрған соң оны көлікке отыруға шақырдым. Зауыттың жай-күйі, жұмыс барысы туралы сөйлестік. Әңгімеміздің шарықтау шегі халықтың талабы дұрыс па деген қарапайым сұраққа жауап болды. Жауабы видеода", - деп жазды блогер.

Видеода ер адам блогерге халықтың газ бағасын 60 теңгеге дейін түсіру талабы дұрыс емес екенін түсіндіреді. "Әр заттың өз бағасы бар. Мысалы, сіз тегін жұмыс істейсіз бе?", - дейді инженер.

Еске салайық, Жаңаөзен мен Ақтаудың мыңдаған тұрғыны жаңа жылдан кейін бағасы күрт шарықтап кеткен сұйытылған газ бағасын түсіруді талап етіп, көшеге шыққан болатын. Олар жолдарды жауып тастаған.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке тиісті тапсырма берді. Өңірдегі жанар-жағармай құю бекеттерінің қожайындары өз бастамасымен газ литрін 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін арзандату туралы шешім шығарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети