21 желтоқсан 2017 | 14:44

Жанаөзенге жаңа әкім тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. © Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жанаөзенге жаңа әкім тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.


Иконка комментария блок соц сети

Жанаөзенге жаңа әкім тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Жаңаөзен қаласының тұрғындарына жаңа әкімді таныстырды.

Қалалық мәслихаттың шешімімен шаһар басшысы болып Дауылбаев Әділбек тағайындалды. Әділбек Құлынтайұлы бұған дейін Маңғыстау облысы Қарақия ауданының әкімі қызметін атқарған.

"Маңғыстау халқына мемлекеттік қызметте көп жылдық тәжірибесі бар білікті маман ретінде белгілі. Сондықтан бұл міндетті де абыроймен атқаратынына сеніміміз мол", - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Ал Жаңаөзен қаласының бұрыңғы әкімі Елубай Әбілов денсаулығына байланысты өз еркімен лауазымын босатты.

Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы 1964 жылы Маңғыстау облысы,Таушық ауылында туылған.
1988 жылы өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс мамандығы бойынша Алматы қаласының құрылыс техникумын тәмамдаған.
2004 жылы М.Тынышбаев атындағы Казақ Көлік және коммуникация академиясы, біліктілігі - инженер-құрылысшы.
Еңбек жолын 1981 жылы Маңғыстау ауданы Шетпе селосында Маңғыстау тұрғын-ұй пайдалану басқармасының жұмысшысы болып бастаған.
1989-1991 жылдары "Қызылтұран карьері" Маңғыстау ауданы Шетпе селосы.
1991-1993 жылдары Маңғыстау тұрғын-ұй падалану басқармасының маманы. Маңғыстау ауданы Шетпе селосы
1994-2000 жылдары . ЖШС "Маңғыстау мұнай жолдары" прорабы, Ақтау қаласы.
2000-2001 жылдары  ЖШС "Жолсервис" құрылыс учаскісінің шебері. Жаңаөзен қаласы.
2001-2002 жылдары  - Маңғыстау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының директорының орынбасары
2002-2004жылдары Сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау аумақтық басқармасының жетекші маманы.
2005-2006 жылдары - Жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы, Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығының міндетін атқарушы.
2006-2009 жылдары  - Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы. Ақтау қаласы.

2009 жылдың шілде айынан бастап Қарақия ауданының әкімі лауазымын атқарды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети