22 қараша 2019 | 14:10

Жаңаөзенге жаңа реанимобиль көлігі мен мектеп автобусы сыйға тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі © Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңаөзенге жаңа реанимобиль көлігі мен мектеп автобусы сыйға тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Жаңаөзенге жаңа реанимобиль көлігі мен мектеп автобусы сыйға тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Автокөліктерді салтанатты табыстау рәсімі Ақтау қаласында өтті. Жаңаөзен қаласына қарасты елдімекен мектептерінің оқушыларына бұл автобустар қолайсыз ауа-райына қарамастан білім беру ордаларына қатынауды жеңілдетпек.

Ал медициналық мекемелеріне сыйға тартылған үш реанимобильде шұғыл көмек көрсетуге қажетті барлық жабдықтар, атап айтқанда реанимациялық және акушерлік жинақтар, өкпені жасанды желдету аппараттары, дефибрилляторлар және басқа да аспаптар бар.

 Салтанатты шараға "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов қатысты.

"Маңғыстау облысы - еліміздің ең ірі өнеркәсіптік аймақтарының бірі. Соңғы 5 жылда өңірде 46 жоба жүзеге асырылды. Ал бүгін, дәстүр бойынша, біз Жаңаөзеннің білім беру мен медициналық мекемелеріне реанимобильдер және мектеп автобустарын сыйға тартамыз", - деп атап өтті Ахметжан Есімов.

"Каспий клубы Самұрық-Қазына" АҚ Маңғыстау өңірі тұрғындарының әлеуметтік деңгейін арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында бірқатар қайырымдылық жобаларды жүзеге асыруда. Бүгін сыйға тартылған, мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін автобустар мен медициналық мекемелерге арналған реанимобильдер Қор жүзеге асыратын жобалардың кіші бөлігі болып табылады. Осындай игі іске қолдау көрсеткен "Самұрық-Қазына" АҚ басшылығына және Samruk-Kazyna Trust қорына облыс тұрғындарының атынан алғыс білдіремін", - деді өңір басшысы Серікбай Трұмов.

"Самұрық-Қазына" АҚ Бірыңғай қайырымдылық операторы - Samruk-Kazyna Trust Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры Маңғыстау облысында 29 әмбебап спорт және ойын алаңдарын салды. Оның екеуі биылғы жылы орнатылса, "Алға" мүгедектер спорт клубы жаңа тренажерлармен, Жаңаөзендегі 10 мектеп компьютер жиынтығымен жабдықталып, бірқатар әлеуметтік маңызды жобалар іске асырылды.

Жақын арада өңірде екі оңалту балабақшасын және бір туберкулезге қарсы балалар диспансерін арнайы техникамен жабдықтау жоспарланып отыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети