09 желтоқсан 2014 18:45

Жанар Доғалова Астанадағы қысқы қайырымдылық балының хедлайнері болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанар Доғалова. ©Тұрар Қазанғапов Жанар Доғалова. ©Тұрар Қазанғапов

Жанар Доғалова Астанадағы қысқы қайырымдылық балының хедлайнері болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Болашақ" ассоциациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жанар Доғалова Астанадағы қысқы қайырымдылық балының хедлайнері болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Болашақ" ассоциациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

VII қысқы қайырымдылық балы 14 желтоқсанда 19:00-де Астанада болады. Түскен қарды Астананың балалар үйі тәрбиеленушілері мен табысы аз отбасыларға жіберіледі. 

Ұйымдастырушылар балдың қысқы ертегі атмосферасында өтетініне уәде берді. Кеш дәстүрлі түрде дебютанттардың өнер көрсетуінен басталады, олар көзтартарлық би билейді: Вена балы, рок-н-ролл, полька, блюз және қазақ вальсі. Балдың тематикасын қазақстандық әртістер жалғастырады: шебер пианиношы Олег Переверзев, ChickFlick тобы және Айжан Сұлтанова. Кешті қазақстандық тележүргізушілер Айгүл Мүкей мен Тәуекел Мүсілім жүргізеді, ал Жанар Доғалова хедлайнер болады.

Мұнымен қатар, картиналар аукционы мен өнер бұйымдары балдың ең бір маңызды бөлігі болады. Аукционда Геннадий Головкиннің қолы қойылған қолғабы мен "Тур де Франс" жеңімпазы Винченцо Нибалидің сары жейдесі қойылады. Сонымен бірге қонақтар Rozita және Pasha зергерлік үйінің аксессуарлары мен бағалы әшекейлерінің, Renaissance сән клубының және Luxury House әйелдер үйінен, LifeFitness фитнес-клубының абонементтері ойнатылатын ұтыс ойынына қатыса алады.  

Билет құны - 30 мың теңге. Баспасөз қызметінің өкілдері өткен жылы балдан 13 миллион теңге пайда түскенін айтады. Екі жылда шарадан түскен қаржыға 15 жетім және табысы аз отбасы балалары Қазақстанның жоғарғы оқу орындары мен колледждерінде білім алып жатыр. Сонымен бірге, "SOS Астана балалар қалашығы" мен Талғардағы "Нұр" отбасылық балалар үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети