15 наурыз 2022 | 17:43

"Жаңарған деректерді тыңдадық" - депутат қаңтар оқиғасының тергелу барысы туралы

Депутат Жанарбек Әшімжан. Фото: Мәжілістің баспасөз қызметінен

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан кеше, 14 наурызда өткен Мәжіліс отырысында құқық қорғау органдарының қаңтар қасіреті туралы есебі туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан кеше, 14 наурызда өткен Мәжіліс отырысында құқық қорғау органдарының қаңтар қасіреті туралы есебі туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат Мәжілісте жасалған баяндамалардың ішінен адвокаттардың баяндамасы көңілінен шыққанын айтады. 

"Өткен аптада жарияланған менің депутаттық сауалыма байланысты бас прокурор, ішкі істер министрі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы және басқа да күш құрылымдарының басшылары баяндама жасады. Парламентте тыңдау қойылды. Депутаттардың тарапынан көптеген сұрақ қойылды. Ашығын айтсақ, барлық баяндамадан гөрі, маған адвокаттар Абзал Құспан мен Айман Омарованың баяндамасында көп нәрсе айтылғандай көрінді. Өз тарапымнан нақты депутаттық сауал жолдаған депутат ретінде атар болсам, күш құрылымы басшыларының баяндамасында келтірілген деректер көңілімнен шыққан жоқ. Қоғам тарапынан қойылған сұрақтарға көп жауап берілді деп айта алмаймын. Бірақ күш құрылымы басшылары да бүгінде тергеу амалдары жүріп жатқанын, соған байланысты көп жағдай әлі құпия екенін ескертіп өтті. "Тергеу амалдары толық біткеннен кейін барлық жағдайды халыққа жеткіземіз" деді. Осы тұрғыдан қарағанда жауаптарға жартылай қанағаттандым деп айта аламын", - дейді Жанарбек Әшімжан. 

Реклама
Реклама

Депутат алдағы уақытта қаңтар оқиғасына байланысты қоғам тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берілетініне сенетінін айтады.   

"Негізінен баяндамада келтірілген деректер осыған дейін де ақпарат құралдарында біраз мәлімет шыққан. Сол мәліметтерге жаңартылған, қосылған деректерді тыңдадық деп айтуға болады. Негізінен қоғам тарапынан қойылған негізгі мәселелер, шыны керек, кім ұйымдастырғаны, қандай топ, қылмыстық топ жетекшілері, соларға ықпал етіп отырған белгілі лауазымды тұлғаларға қатысты, саяси мағынасына қатысты көп сұрақ қойылды. Соларға жауап молырақ берілмеді. Алдағы уақытта толық жауап аламыз деп ойлаймын", - дейді депутат. 

Жанарбек Әшімжан қаңтар оқиғасына байланысты жауапкершілік бәріне тең дәрежеде бөлінуі керегін айтады. 

"Ауыр жағдай болған күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үлкен жауапкершілікті мойнына алды. Арада екі ай өтті, ол тек Президенттің жауапкершілігі емес қой. Сондықтан тиісті салалық үкімет мүшелері де, өңірдегі әкімдер де, жалпы күш құрылымы басшыларының да, сол салада қызмет ететін лауазымды тұлғалардың да жауапкершілігі. Сол себепті оған бәрі өз саласы бойынша ашық, қанық, нақты ақапаратты сәт сайын беріп отыруы керек. Олай болмаған жағдайда ресми ақпарат алмаған жерді әлеуметтік желіде алып-қашпа әңгіме туындайды. Ол халықтың да көңіл-күйіне әсер етеді. Сондықтан жауапкершілікті Президентке итере бермей, қоғам да, билік те, парламент те, үкімет те - бәрі осыған жауапты. Жауапкершілікті тең бөлуіміз керек. Халыққа нақты, шынайы ақпаратты жеткізуіміз керек", - дейді депутат. 

Айта кетейік, кеше, 14 наурызда Мәжілістің отырысы өткен болатын. Жиын барысында күш құрылымы басшылары қаңтар оқиғасына байланысты баяндама жасап, депутаттардың сұрағына жауап берді.

Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.  

Кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізілді.

5 қаңтарда үкімет отставкаға кетті, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, сұйытылған газ, бензин және дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу енгізілді. Алайда толқу күшейе түсті. Алматы қаласы қатты зардап шекті. Бүлікшілер әкімдік ғимаратын өртеп жіберді, Президент резиденциясын басып алды, дүкендерді, сауда орталықтарын, банк кеңселері мен банкоматтарды қиратып, тонады.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін үкімет, соның ішінде, Энергетика министрлігі, "ҚазМұнайГаз" бен "Қазақгаз" кәсіпорындары кінәлі екенін айтты.

6 қаңтарда Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. ҰҚК-нің жаңа басшысы болып Ермек Сағымбаев тағайындалды. Дәл осы күні ҰҚК Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі бойынша "Мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал 10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден бизнеске келтірілген шығын 12 қаңтарда 100 миллиард теңгеден асты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер саны анықталып жатыр, әлі белгісіз.

11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкімет мүшелерін тағайындады.

14 наурызда Өткен Мәжіліс отырысында ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қаңтар оқиғасынан кейін 2919 іске байланысты тергеу жүріп жатқанын айтты. Оның ішінде, адам өлімі бойынша - 90 іс, ұрлық - 2183, қарудың заңсыз айналымы бойынша - 428 іс, 164-і бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру бойынша тергеуден өтіп жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная