31 қаңтар 2014 | 13:54

"Жаңару" қозғалысы жемқорлықпен күрестің "жол картасын" құруды ұсынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралбай Әбдікәрімов. Фото ©Мансұр Хамит Оралбай Әбдікәрімов. Фото ©Мансұр Хамит

Жалпыұлттық қозғалыс Елбасының жемқорлыққа қарсы күресте жүктеген тапсырмаларын іс жүзіне асыратын нақты міндеттерді белгілеп отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін арнайы брифингте қозғалыс басшысы Оралбай Әбдікәрімов мәлімдеді. "Әрине, еліміздегі мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлық құбылысымен күрес жүргізіп жатыр. Жекелеген жағдайларда олардың белгілі бір жетістікке жетіп жатқанын да мысалға алуға болады. Алайда, жетістік дегеніміз жеңіс емес. Оның үстіне, халықаралық ұйымдардың жариялаған мәліметіне қарағанда, соңғы жылдары сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында Қазақстанның позициясы төмендеп барады", - дейді қозғалыс басшысы Оралбай Әбдікәрімов брифинг барысында. Оның айтуынша, бүгінгі күні қазақстандық мемлекеттік органдар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары біршама түзетулерді қажет етеді. "Бұл түзету ең алдымен осындай кері үдеріске қоғам мен бизнестің кең ауқымын барынша тартуға қатысты. Сонымен қатар, "бармақ басты көз қысты" дертімен күресте бұған мүдделі барша тараптың біріккен күш-жігері керек. Сонда ғана біздің соққымыз салмақты болмақ", - дейді О.Әбдікәрімов. Ал нақты іске келсек, "Жаңару" қозғалысы Қазақстанда жемқорлықпен күрестің "жол картасын" құруды ұсынып, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жандандырудың кезең-кезеңі қамтылуы тиістігін алға тартады. "Ең біріншіден, мұнда заңнамалық үдеріс пен құқық қолдану практикасы қамтылуы шарт. Екіншіден, атқарушы және арнайы органдардың іс-қимыл әрекеті көрініс тапса игі. Үшіншіден, азаматтық қоғам мен жалпы жұртшылықтың белсенділігін қамтуы керек. Төртіншіден, халықаралық ұйымдармен өзара байланыс. Осы төрт құрамдас бір мақсатқа бірігуі керек - бұл жемқорлық үдерістердің себептерін анықтау", - дейді қоғамдық қозғалыс басшысы. Бір сөзбен айтқанда, "Жаңару" жалпыұлттық қозғалысының басты міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты ілгерілету үшін барша қоғам мен бизнес-құрылымның күштерін біріктіруге бағытталады. "Әдетте, жемқорлықтың ең бірінші құрбаны - бизнес. Дәл осы сектор жемұқорлықтан көп жапа шегеді. Коррупция нарықты құбылтады, адал бәсекелестікке кедергі келтіреді, мемлекеттің табысын айтарлықтай азайтады. Сондықтан да, ондай кері құбылыспен жеке-дара күресу мүмкін емес. Сол үшін бұған қарсы баршамыз бірігуіміз керек", - деді қозғалыс өкілдері. Тоқтала кететін жайт, "Жаңару" жалпыұлттық қозғалысының басшысы Оралбай Әбдікәрімов бұған дейін "Нұр Отан" партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңесті де басқарған болатын. "Мен 1989 жылы Қарағанды облыстық халықтық бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған едім. Содан бері осы жағымсыз құбылыспен принцпті күреске кірістім. Кейін, мемлекеттік комиссияны басқардым, тәртіптік кеңесті де. Сондықтан болуы керек, менің приципімді білетіндер осы қозғалысты басқаруды сұрады", - дейді бұл жайында ол.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети