28 қараша 2022 | 11:06

Жанат Элиманов қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып қайта тағайындалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанат Элиманов қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып қайта тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Жанат Элиманов қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып қайта тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалсын", - делінген хабарламада.

Жанат Элиманов 1978 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды қаласы прокуратурасының сот қаулылары және атқарушылық іс жүргізуді орындаудағы заңдылықты қадағалау бөлімі прокурорының м. а. қызметінен бастаған. 2000 жылдан 2007 жылға дейін Қарағанды облысының және Астана қаласының прокуратура органдарында жұмыс істеген.

2007 жылдан 2017 жыл аралығында Әділет және Қаржы министрліктерінің, ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің құрылымдарында түрлі қызметтерді атқарды.

2017 жылдан 2019 жыл аралығында ҚР Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінде басшылық лауазымдар атқарды.

2019 жылдың ақпан айынан сәуір айы аралығында Қарағанды облысы прокурорының орынбасары болды.

2019 жылғы сәуірден бастап қазіргі таңға дейін ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети