06 ақпан 2020 | 13:04

Жанат Жахметова ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© primeminister.kz © primeminister.kz

Жанат Жахметова ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Жанат Жахметова ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 5 ақпандағы Қаулысымен Жанат Зарубекқызы Жахметова Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада

Жанат Жахметова 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін және Абердин университетін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2009 жылы "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" АҚ ЖФ сынақ зертханасының жетекші маманы болып бастаған. Әр жылдары ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға жетекшілік ететін орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеген.

2014-2016 жылдары - ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің ақпараттандыру саласындағы Мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2016 жылғы маусымнан 2017 жылғы шілде айына дейін - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті директорының орынбасары. 2017 жылғы шілдеден қазіргі таңға дейін "Зерде" ҰИХ" АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.

Осыған дейін Энергетика министрінің орынбасары қызметін атқарған Сұңғат Есімханов Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалғаны айтылды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети