Жанат Жақметова энергетика вице-министрі қызметінен кетті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанат Жақметова энергетика вице-министрі қызметінен кетті Фото:primeminister.kz

Жанат Жақметова энергетика вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанат Жақметова энергетика вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет сайтына сілтеме жасап.

"ҚР Үкіметінің қаулысымен Жанат Зарубекқызы Жақметова берген өтінішіне сәйкес ҚР энергетика вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Жанат Жахметова 1986 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін және Абердин университетін бітірген. Еңбек жолын 2009 жылы "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ сынақ зертханасының жетекші маманы болып бастаған.

Әр жылдары ақпараттандыру саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға жетекшілік ететін орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеген.

2014-2016 жылдары – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы.

2016-2020 жылдары – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпараттандыру департаменті директорының орынбасары.

2020 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР энергетика вице-министрі қызметін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course down  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети