Синоптиктер 11–13 шілде аралығында Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанадағы ауа райы болжамы
11 шілде – Астанада бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, екпіні секундына 9–14 метр. Түнде ауа температурасы +14…+16 °C, күндіз +26…+28 °C.
12 шілде – бұлтты болады, кей жерлерде жаңбыр және найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел 9–14 м/с. Түнде +14…+16 °C, күндіз +22…+24 °C.
13 шілде – бұлтты ауа райы сақталады. Кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстік-батыс желі 9–14 м/с. Түнде +12…+14 °C, күндіз +20…+22 °C.
Алматыдағы ауа райы болжамы
11 шілде – Алматыда бұлтты болады, кей кездері жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыс желі 3–8 м/с, кей жерлерде 13 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Түнгі температура +16…+18 °C, күндіз +26…+28 °C.
12 шілде – бұлтты, түнде жаңбыр және найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан 3–8 м/с. Түнде +15…+17 °C, күндіз +29…+31 °C.
13 шілде – жауын-шашын болмайды. Бұлттар сейіліп тұрады, оңтүстік-батыс желі 3–8 м/с. Түнде +18…+20 °C, күндіз +32…+34 °C.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!