Жаңбыр және аптап: Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңбыр және аптап: Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

Синоптиктер Астана мен Алматыда алдағы үш күн – 20-22 тамыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер Астана мен Алматыда алдағы үш күн – 20-22 тамыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

20 тамызда елордада ауыспалы бұлтты болады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады – секундына 2–7 метр, күндіз 9–14, екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +10...+12 градус, күндіз +25...+27 градус.

21 тамызда синоптиктер ауыспалы бұлтты, жаңбыр және найзағай болатынын болжайды. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 7–12 м/с, екпіні 15–18 м/с. Ауа температурасы түнде +14...+16 градус, күндіз +21...+23 градус.

22 тамызда Астанада ауыспалы бұлтты болып, кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +11...+13 градус, күндіз +20...+22 градус.

Алматыға арналған ауа райы болжамы

20 тамызда мегаполисте ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +16...+18 градус, күндіз +30...+32 градус.

21 тамызда Алматыда ауыспалы бұлтты болады, түнде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан 3–8 м/с, кей жерлерде екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +30...+32 градус.

22 тамызда синоптиктер ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райын күтеді. Жел батыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +30...+32 градус.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети