Жаңбыр және тұман: Қазақстанда ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңбыр және тұман: Қазақстанда ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 17 қарашада елдің 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 17 қарашада елдің 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылорда облысының батысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети