Жаңбыр жауып, күн күркірейді. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңбыр жауып, күн күркірейді. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 28-30 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 28-30 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан аумағының батыс бөлігінде төмен қысымның әсерінен тұрақсыз ауа райы болжанады.

Сондай-ақ, фронтальды бөлімдердің өтуімен 29 наурызда солтүстікте, күндіз орталықта, 29-30 наурызда шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), 30 наурызда күндіз қатты қар, жаяу бұрқасын, 29-30 наурызда еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік пен шығыста көктайғақ болады деп болжануда.

"30 наурызда еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы күндіз 5 градус аяздан - 5 градус жылыға дейін төмендейді деп күтіледі", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.65  course up  583.73  course up  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети