27 қыркүйек 2024 | 08:57

Жаңбыр, қар: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең кей өңірде жаңбыр, қар жауып, 2 градус суық пен үсік болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең кей өңірде жаңбыр, қар жауып, 2 градус суық пен үсік болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 2 градус суық болады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде күші секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар.

Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар.

Ұлытау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Ақтөбе облысының басым бөлігінде оңтүстігінде, батысында, орталығында жоғары төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі (5 класс) бар.

Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні — 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі (5 класс) бар.

Атырау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Абай облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында екпіні секундына 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында 23-28 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети