03 қазан 2021 | 17:43

Жаңбыр, қар, көктайғақ: дүйсенбіде ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

2021 жылдың 4 қазанына араналған ауа райы болжамы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


2021 жылдың 4 қазанына араналған ауа райы болжамы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Циклон жылғасы мен онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсерін сақтайды, ауа райы тұрақсыз, жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, жел күшейеді, түнде тұман, көктайғақ, республиканың солтүстік жартысында бұрқасын болады. Қазақстанның батыс жартысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, күндіз солтүстікте жел күшейеді.

Қостанай облысының солтүстігінде тұман, оңтүстік-шығысында бұрқасын болады, күндіз жел күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде түнде тұман, күндіз бұрқасын болады, солтүстікте жел күшейеді.

Павлодар облысының батысында көктайғақ болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ, күндіз облыстың шығысында жел күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде түнде боран соғады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі, күндіз облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарда жел күшейеді.

Алматы облысының таулы аудандарында тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында жел күшейеді.

Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында жел күшейеді. Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстік-батысында тұман түседі.

Қазақстандағы ауа райы картасын мына сілтемеден көре аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 484.48   531.35   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети