Жаңбыр ма, аптап па? Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңбыр ма, аптап па? Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

Синоптиктер 12-14 шілде аралығында Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 12-14 шілде аралығында Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы болжамы

12 шілдеде елордада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с, күндіз екпіні 15 м/с дейін жетеді.

13 шілдеде де құбылмалы бұлтты ауа райы және жауын-шашын сақталады. Кей кездері жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с. Түнде +12…+14, күндіз +20…+22.

14 шілдеде де кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Аспан бұлтты болады. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +10…+12, күндіз айтарлықтай салқындайды - +18…+20.

Алматыдағы ауа райы болжамы

12 шілдеде Алматыда құбылмалы бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +29…+31.

13 шілдеде де жауын-шашын болмайды, құбылмалы бұлтты ауа райы. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Түнде +16…+18, күндіз аптап ыстық - +32…+34.

14 шілдеде Алматыда құрғақ ауа райы сақталады. құбылмалы бұлтты, жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Түнде +18…+20, күндіз қайтадан ыстық - +32…+34.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети