Жаңбыр мен найзағай. Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады?

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңбыр мен найзағай. Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 11-13 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 11-13 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Барикалық алқаптардың тез өзгеруі Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын сақтайды. Жауын-шашын қар мен жаңбыр, жел күшейеді, солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда жаяу бұрқасын болады деп болжанып отыр.

11-12 наурызда еліміздің оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады, 12-13 наурызда республиканың шығыс облыстарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), 12-13 наурызда оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Еліміз бойынша тұман, солтүстік жартысында көктайғақ болжанады. Республиканың оңтүстік жартысында найзағай күтіледі.

"Ауа температурасы: еліміздің батыс облыстарында түнде 0-10 жылыдан 2 аяз -8 жылы, күндіз 3-15-тен 7-18 жылыға дейін, республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында түнде 0-12 аяздан 3-15 аязға дейін, күндіз 3 аяз-10 жылыдан 5 аяз - 3 жылыға төмендейді деп күтілуде, оңтүстікте түнде 3 аяз -10 жылыға дейін төмендейді, күндіз 10-20 жылыға дейін жоғарылайды, оңтүстік-шығыста түнде 0-8 жылы, күндіз 2-18 жылыға дейін төмендейді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети