Жаңбыр мен найзағай: алдағы күндері Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңбыр мен найзағай: алдағы күндері Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" РМК Астана мен Алматыда алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.


"Қазгидромет" РМК Астана мен Алматыда алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Астана қаласына арналған ауа райы болжамы

11 маусымда күн райы құбылмалы болады деп күтіледі. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, кей жерлерде екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +26...+28 градус болады.

12 маусымда күн райы құбылмалы. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Оңтүстік-батыс желінің жылдамдығы секундына 9–14 метрді құрайды. Түнде ауа температурасы +14...+16 градус, күндіз +25...+27 градус шамасында болады.

13 маусымда күн райы құбылмалы болады, кей кездері жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыс желі секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +25...+27 градус болады.

Алматы қаласына арналған ауа райы болжамы

11 маусымда күн райы құбылмалы болады деп күтіледі. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғады, кей кездері екпіні секундына 15 метрге дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +25...+27 градус болады.

12 маусымда күн райы құбылмалы болып сақталады. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Оңтүстік-батыс және оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр, күндіз екпіні секундына 13 метрге дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +15...+17 градус, күндіз +28...+30 градус болады.

13 маусымда күн райы құбылмалы болады деп күтіледі. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Оңтүстік-батыс және оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр, күндіз екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +30...+32 градус болады.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.89   562.88   6.78 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +22
Астана +18
Ақтау +24
Ақтөбе +15
Атырау +21
Б
Балқаш +17
Ж
Жезқазған +20
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +16
Қ
Қостанай +21
Қызылорда +22
П
Павлодар +17
Петропавл +21
С
Семей +22
Т
Талдықорған +21
Тараз +23
Түркістан +18
О
Орал +22
Ө
Өскемен +23
Ш
Шымкент +22

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер