Жаңбыр мен найзағай: алдағы күндері Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?

Нұрила Достарқызы
Нұрила Достарқызы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңбыр мен найзағай: алдағы күндері Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматы қалаларында алдағы үш күнде – 3, 4 және 5 шілдеде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанадағы ауа райы болжамы

3-4 шілдеде ауа райы құбылмалы бұлтты болады. Кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауылды жел соғуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +13...+15 градус, күндіз: +24...+26 градус жылы болады.

5 шілде ауа райы құбылмалы бұлтты. Кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ түсуі ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады. Жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +28...+30 градус жылы.

Алматыдағы ауа райы болжамы

3 шілдеде күн бұлтты болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, дауылды жел соғуы мүмкін. Жел батыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады, кейде екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз: +23...+25 градус болады.

4 шілдеде ауа райы құбылмалы бұлтты. Қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел батыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады, екпіні кейде 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +17...+19 градус, күндіз: +25...+27 градус жылы болады.

5 шілдеде ауа райы құбылмалы бұлтты. Қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Жел батыстан соғып, кейін шығысқа ауысады. Жылдамдығы секундына 3-8 метр, екпіні кейде 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +27...+29 градус болмақ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +29
Астана +34
Ақтау +37
Ақтөбе +30
Атырау +30
Б
Балқаш +39
Ж
Жезқазған +32
Қ
Қарағанды +32
К
Көкшетау +32
Қ
Қостанай +43
Қызылорда +30
П
Павлодар +28
Петропавл +31
С
Семей +32
Т
Талдықорған +36
Тараз +41
Түркістан +28
О
Орал +31
Ө
Өскемен +38
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер