Жаңбыр, найзағай және бұршақ. Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңбыр, найзағай және бұршақ. Алдағы күндері ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

Қазгидромет синоптиктері 9, 10 және 11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазгидромет синоптиктері 9, 10 және 11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңбыр, найзағай және бұршақ

Алдағы күндері республиканың басым бөлігіне ауа райына батыс циклоны және соған байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді, жекелеген өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 9-10 қыркүйекте солтүстік-батыста, 9 және 11 қыркүйекте шығыста, 10-11 қыркүйекте оңтүстік-шығыста, республиканың орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі.

Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, Қазақстанның орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі. Елдің оңтүстігінде құмды дауыл болжанады.

Ауа температурасы қандай болады?

Ауа температурасы төмендейді деп күтіледі:

  • Қазақстанның батысында түнде +5…+16, күндіз +18…+25;
  • Солтүстік-батыста түнде +1…+11, топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік, күндіз +8…+16, өңірдің оңтүстігінде +23-ке дейін;
  • Солтүстік облыстарда түнде +5…+10, күндіз +9…+15;
  • Орталықта түнде +5…+13, күндіз +13…+21;
  • Шығыста түнде +3…+11, күндіз +10…+20;
  • Оңтүстікте түнде +10…+20, күндіз +23…+33.

Қазақстанның оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болжанбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети