Жаңбыр, тұман және аптап: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңбыр, тұман және аптап: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері 8, 9 және 10 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" синоптиктері 8, 9 және 10 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңбыр және тұман

Атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның көп бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 9-10 шілдеде елдің солтүстігінде, 10 шілдеде солтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында – нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі.

Тек республиканың батысында солтүстік-батыс антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ел бойынша жел күшейеді. Түнгі және таңғы уақытта елдің солтүстігінде тұман түседі.

Ауа температурасы қандай болады?

9-10 шілдеде республиканың батысы мен оңтүстік-батысында күндіз қатты ыстық болады – 35-41 градус, солтүстік-батысында – 35-38 градус. Солтүстік өңірлерде түнде 7-15, күндіз 20-27 градус жылы. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында температура біртіндеп төмендейді. Қалған өңірлерде температуралық жағдайда күрт өзгерістер күтілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети