Жаңбырдан баспанасы қираған шымкенттік жалғызбасты анаға уақытша үй берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңбырдан баспанасы қираған шымкенттік жалғызбасты анаға уақытша үй берілді

Жаңбыр кезінде баспанасы қираған Шымкенттің көпбалалы тұрғыны Гаухар Абдрахимованың отбасына уақытша баспана берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңбыр кезінде баспанасы қираған Шымкенттің көпбалалы тұрғыны Гаухар Абдрахимованың отбасына уақытша баспана берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдік мәліметінше, зардап шеккен әйел мен оның сегіз баласы және екі немересіне уақытша баспана берілді. Оны демеушілер есебінен жалға алған.

Сонымен қатар, Абай ауданының әкімдігі мен қалалық мәслихаттың "Ауыл" фракциясының депутаты Қуаныш Дәулеталиев көмір, азық-түлік, балаларға киім әкелді. 

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, көпбалалы отбасыға материалдық көмек алдағы уақытта да көрсетіледі. Оған қоса, әйел тұрғын үй алуға кезекке қойылады.

Еске салайық, 18 наурызда Шымкент қаласы Абай ауданының "Ақжар" шағынауданында ұзақ уақыт жауған жаңбырдан көпбалалы ана Гаухар Әбдірахымованың жалға алып отырған баспанасы қирап қалған еді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети