ПОДЕЛИТЬСЯ
24 сәуір 2021 | 09:21
Жандарбек Бекшин блогерлермен кездесіп, көкейтесті сұрақтарға жауап берді
Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин LIFE KZ YouTube-арнасының блогерлері Жанар Құсайынова, Ринат Кибраев және Валерий Кудрявцевпен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап беруге келісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин LIFE KZ YouTube-арнасының блогерлері Жанар Құсайынова, Ринат Кибраев және Валерий Кудрявцевпен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап беруге келісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кездесу Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің ғимаратында өтті, онда блогерлер бірнеше рет барған.
Әңгіме барысында белсенділер санитария дәрігеріне оның зейнеткерлік жасына қатысты, дәрігерлерге "құрылыс" костюмдерін сатып алуға қатысты жанжал, Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұжымының блогерлерге полицияға арыз жазғаны, вакцинация туралы ашық сұрақтар қойды.
Сондай-ақ, олар Бекшиннен тамақтану орындарының жұмысындағы шектеулер туралы сұрады. Департамент ғимаратындағы дәретхананың жай-күйіне де қатысты санитар дәрігердің ойын білді.
Еске салайық, бұған дейін блогерлер Бекшиннің ведомствосында шу шығарған болатын. Белсенділер ведомство ғимаратына барып, әкімшілік ғимараттың әр қабатын аралап, кабинеттерге кіріп, департамент қызметкерлерін камераға түсіріп, олармен сөйлескен болатын.
Сонымен қатар, видеода санэпидқызмет ғимаратындағы дәретхана көрсетілген: "еден лас, сабын салғыш лас, кафель сынып кеткен, айнасы жуылмаған".
Кейін блогерлер тәртіпбұзушылықтардың жойылғанын тексеруге екінші рет барған. Алайда кіреберістен ары өте алмады. Сол күні Жандарбек Бекшин денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен кенеттен кездесуге кеткені белгілі болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также