18 сәуір 2021 12:00

Бекшиннің кеңсесінде шу шығарған блогерлер екінші рет ғимаратқа кіре алмады 

ПОДЕЛИТЬСЯ

© LIFE KZ © LIFE KZ

Танымал LIFE KZ YouTube-арнасының блогерлері Жанар Құсайынова, Ринат Кибраев және Валерий Кудрявцев Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшинмен жоспарланған кездесуді өткізе алмады. Кездесу Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде бейсенбіге жоспарланған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сол күні Жандарбек Бекшин денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен кенеттен кездесуге кеткені белгілі болды.

Блогерлерді санэпидқызмет ғимаратының кіреберісінде күзет өкілдері қарсы алды. Олар ары қарай ішке кіргізілмеді. Қызметкерлер блогерлерді дәретханаға да жіберуден бас тартты.

Еске салайық, алдыңғы аптада блогерлер Бекшиннің ведомствосында шу шығарды. Белсенділер ведомство ғимаратына кіріп, әкімшілік ғимараттың әр қабатын аралап, кабинеттерге кіріп, департамент қызметкерлерін камераға түсіріп, олармен сөйлескен болатын.

Сонымен қатар, видеода санэпидқызмет ғимаратындағы дәретхана көрсетілген: "еден лас, сабын салғыш лас, кафель сынып кеткен, айнасы жуылмаған". 

Осы жолы блогерлер тәртіпбұзушылықтардың жойылғанын тексеруге барған. Алайда кіре алмады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети