Жандос Өмірәлиев бас прокурор орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жандос Өмірәлиев бас прокурор орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Жәнібекұлы Өмірәлиев Қазақстан Республикасы бас прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Жандос Жәнібекұлы Өмірәлиев 1978 жылы дүниеге келген. Ол Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы аудан прокурорының көмекшісінен бастап, осы салада үздіксіз 18 жылдан аса қызмет атқарып келеді. Ақтөбе облысы прокуратурасы және Батыс аймақтық көлік прокуратурасында басшы лауазымдарын атқарған. 2010-2011 жылдары заңдылық, құқықтық тәртіп және қылмыспен күрес жөніндегі Қазақстан Республикасы үйлестіру кеңесінің хатшысы - бас прокурордың аса маңызды тапсырмалар жөніндегі көмекшісі болған. 2011-2017 жылдары арасында Алматы қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарған. 2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрлық даму департаментінің бастығы және заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметі бастығының орынбасары лауазымдарын атқарған.
Ол "Ерен еңбегі үшін" медалімен наградталған.
Бұған дейін бас прокурор орынбасары қызметін Ерлік Кененбаев атқарған еді.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ерлік Әбдірақымұлы Кененбаев Қазақстан Республикасы бас прокурорының орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!