30 сәуір 2015 | 18:01

Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссияның құрамы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© twitter.com © twitter.com

Елбасы Жаңғырту мәселелері жөніндегі Ұлттық комиссия құру мәселесіне арналған кеңес өткізіп, кеңес барысында комиссияның құрамы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Елбасы Жаңғырту мәселелері жөніндегі Ұлттық комиссия құру мәселесіне арналған кеңес өткізіп, кеңес барысында комиссияның құрамы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті ел алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты, Мемлекет басшысы бес институционалдық реформаны жүзеге асыру мақсатында Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойылғанын мәлімдеді.

"Комиссияны Премьер-Министр Мәсімов басқарады, орынбасары Президент Әкімшілігінің Басшысы Нығматулин болады. Кәсіби мемлекеттік аппарат құру жөніндегі жұмыс тобын Президенттің көмекшісі Орынбаев, заң үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобын Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Донақов, экономика мәселелері жөніндегі жұмыс тобын ұлттық экономика министрі Досаев, біртектілік және бірлік жөніндегі жұмыс тобын Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Майлыбаев, есеп беретін мемлекет қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобын Парламент Мәжілісінің төрағасының орынбасары Назарбаева басқарады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ комиссия құрамына шетелдік консультант ретінде "Назарбаев Университеті" АБҰ президенті Катцу кірді. Мемлекет басшысы Үкімет құрамы сақталатынын айтты.

"Олардың бәрі осы құрамда ынтымақпен жұмыс істеді, қойылған міндеттерді орындай алды. Мен ешқайсысын да алмастыру қажеттігін көріп тұрған жоқпын, сондықтан жұмыстарын жалғастыратын болады", - деді Қазақстан Президенті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети