Жәния Әубәкірова консерватория ректоры қызметінен босатылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Жәния Әубәкірова консерватория ректоры қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жәния Әубәкірова консерватория ректоры қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Жәния Яхияқызы Әубәкірова Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Әубәкірова Жәния Жақияқызы 1955 жылы дүниеге келген. П.И.Чайковский атындағы мемлекеттік консерваторияны 1979 жылы, ал 1981 жылы аспирантураны профессор Л.П. Власенконың сыныбы бойынша бітірді. Ол 1979 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында концертмейстрлік қызметін бастае, 1981 жылдан бастап 12 жыл бойы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияда аға оқытушы, доцент, арнайы фортепиано кафедрасының меңгерушілік қызметтерін атқарған,1993 жылдан профессор, 1997 жылдан бастап осы консерваторияның ректоры болған.

ҚР халық әртісі Жәния Яхияқызы Әубәкірованың есімі дүниежүзі музыкасүйер қауымына кеңінен танымал. Оның пианинодағы шебер еңбек жолы Қазақстан мемлекеттік сыйлығымен, Францияның өнер және әдебиетінің орденімен, Қазақстан мен Ресей арасындағы достықты бекіткені үшін ІІ-Екатерина атындағы 2-дәрежелі "Кавалер" орденімен марапатталды. "Платиналық Тарлан" тәуелсіз сыйлығының лауреаты және Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреатты, ал 1991 жылы ҚР әртісі атағы берілді. Францияда өткен халықаралық Маргарет Лонг және Жак Тибо конкурсында 1983 жылыГранприді жеңіп алған. Жеңістердің бірі - 1985 жылы Халықаралық камералық ансамбльдердің конкурсында Гранприге, Қазақстан Ленин комсомолы (1982) және "Тарлан" (2001) сыйлығының ие болған. 1998 жылы "Классика" атты музыкалық агенттікті ұйымдастырды. Соның арқасында "Франциядағы қазақ маусымдарында" үлкен жетістіктерге жетіп, осындай концерттер 18 мемлекеттерде өтті. 30-дан астам үнтаспа жазылып, оның қазақстандық орындаушылар туралы 20-дан астам музыкалық фильмдері жарық көрді. Қазақстан Республикасының Халық әртісі (1991).

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro