“Жанжал сыраға бола туған“: ІІМ Шерзат Болаттың өліміне қатысты мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Жанжал сыраға бола туған“: ІІМ Шерзат Болаттың өліміне қатысты мәлімдеме жасады видео кадры

16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне әкеп соққан жанжал бір банка сырадан басталған жоқ. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасары Самат Айсов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне әкеп соққан жанжал бір банка сырадан басталған жоқ. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасары Самат Айсов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Брифингте Айсов "Қамажай" дүкенінде Шерзат, оның әкесі және жасөспірімді өлтірді деген күдіктілер арасында жанжал басталған видеоны көрсетті. Ол жазбаға түсініктеме беріп, бұрын айтылып жүргендей, жанжал бір банка сыраға бола басталмағанын айтты.

"Ол (күдікті - еск.) мұнда екі бөтелке сыра сатып алады, ол үшін ақшаны аударым жасап төлейді. Бастапқыда олар тексереді, төлем келеді. Ары қарай ол барып үшінші бөтелке сыра, темекі алады, оған төлейді. Қалтасына назар аударсаңыз, қолма-қол төлейді. Төледі және қалған ақшасын алады. Яғни, бір банка сыраға бола бұл жанжал туындағаны объектив түрде видеомен расталмайды. Яғни, мұнда ешқандай жанжал туған жоқ", - деді Самат Айсов.

Ол полиция бұл видео арқылы ешкімді ақтап жатпағанын айтып өтті.

"Біз көрсеткіміз келетін нәрсе - бұл күдіктілерді ақтау емес, олар ұсталды, оларға біліктілік жарияланды - аса ауыр қылмыс жасау. Соттың санкциясы арқылы қамауға алынды. Оған монтаж жасалмаған. Бұған қоса, бірден тиісті сараптаманы тағайындадық, онда сарапшылар бізге нақты қорытынды береді", - деді Айсов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети