04 тамыз 2019 | 17:30

Жанталаса қарулануға әкелуі мүмкін - СІМ АҚШ-тың зымыран жою туралы шарттан шығуы жайлы

Камила Долаева Журналист
ҚР СІМ баспасөз қызметі

ҚР СІМ өкілдері АҚШ-тың орта және кіші қашықтықтағы ракеталарды жою туралы шарттан шығуына байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктік ресми сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР СІМ өкілдері АҚШ-тың орта және кіші қашықтықтағы ракеталарды жою туралы шарттан шығуына байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктік ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Америка Құрама Штаттарының, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ең маңызды факторларының бірі болып саналатын - Орта және кіші қашықтықтағы ракеталарды жою туралы шарттан шығу туралы шешіміне байланысты алаңдаушылығын білдіреді. Оны денонсациялау жаңа жанталаса қарулануға әкелуі және жаһандық ауқымда ауыр салдары болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы барлық тараптармен Шарттың сақталуын және мүлтіксіз орындалуына әрқашан қолдау көрсетіп, сондай-ақ, ядролық қаруды тасымалдау құралдарының бүтін тобын жоюға және Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың IV бабына сәйкес ядролық қарусыздануда елеулі прогреске қол жеткізуге мүмкіндік берген шарттың бірегей тарихи келісім ретінде бұлжымас құндылығын растайтынын жазды. 

"Қазақстан қолдағы екіжақты және көпжақты тетіктердің шеңберінде сындарлы келіссөздер арқылы бар мәселелерді шешу үшін тараптар барлық қажетті күш-жігер салады деген үміт артады", - деді СІМ өкілдері.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная