Қорқынышты жол апаты Павлодар облысының Байет ауылынан бес шақырым жерде болған. Қаза тапқандар арасында жүргізуші мен төрт жолаушы бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кerek.pv Telegram-арнасы оқиға орнынан видео жариялады. Кадрларда жанып кеткен жеңіл көлік жүк көлігінің артына кіріп кеткені көрінеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Полиция пікірі
"Алдын ала мәліметтер бойынша, 23 қыркүйекте Павлодар-Қызылорда тасжолында Toyota Lucida жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін және арақашықтықты сақтамай, жүк көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Toyota өртеніп кеткен" – деп түсіндірді ведомство.
Жол апатынан бес адам қаза тапқан. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!