"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Қазақстан Республикасындағы Жапонияның Төтенше және өкілетті елшісі Итиро Кавабатамен кездесті, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқосу барысында екі жақ ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық барысын талқылады. Сонымен қатар, ұлттық компания Басқарма Төрағасы жапондықтарды Көрмеге халықаралық қатысушыларды тарты мәселесімен таныстырды.
"Кеше, мен Сіздердің мемлекеттеріңізді президентіне сенім грамотасын табыс еттім. Содан кейінгі алғашқы кездесу - ЭКСПО-да күтіп жатыр. Өйткені, бұған біздің Үкімет аса зор мән беріп отыр. Біз павильонымызды безендіруге дайынбыз", - деп атап өтті Итиро Кавабата.
Екі жақ көрмеге қатысу барысындағы техникалық мәселелерді талқылады.
Басқарма Төрағасы Жапония елшісін ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық барасындағы белсенділігі үшін алғыс білдірді.
Көрме 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекті қоса алған аралықта Астана қаласында өткізіледі. Көрмеге 100 елден кем дегенде 10 халықаралық ұйымдар, 10 жетекші инновациялық технологиялар компаниялар қатысады деп жоспарланып отыр.
Жалпы алғанда, ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға шамамен 2 миллионнан астам адам келеді және 5 миллион келуші болады деп күтілуде.