Жапония Украинадағы соғысқа байланысты Ресейге қосымша санкциялар енгізуді мақұлдады. Жапониялық шектеулер бір қазақстандық ұйымға да әсер етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Nikkei басылымына сілтеме жасап.
Жапония Украинадағы соғысқа байланысты Ресейге қосымша санкциялар енгізуді мақұлдады. Жапониялық шектеулер бір қазақстандық ұйымға да әсер етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Nikkei басылымына сілтеме жасап.
Бұл туралы Жапония министрлер кабинеті отырысында белгілі болды. Экспортқа тыйым салынған тауарлар тізіміне кран қозғалтқыштарына арналған бөлшектер мен басқа да арнайы жабдықтарға арналған бөлшектер, сондай-ақ шағын мотоциклдер сияқты 335 позиция қосылған. Бұл Ресейдің өнеркәсіптік әлеуетін күшейтуі мүмкін.
Сондай-ақ, химиялық қаруды әзірлеу үшін қолданылуы мүмкін капсаицин сияқты химиялық заттарды экспорттауға тыйым салынды.
Бұл тауарларды экспорттауға тыйым 23 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Үкіметтік шешімде Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектеседі деп күдіктелген алты елдің 31 ұйымына экспортқа тыйым салу қарастырылған. Бұл топтар Қазақстан, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Қытай, Қырғызстан, Таиланд және Түркияда орналасқан.
Санкциялар енгізілген ұйымдардың атауы есепте көрсетілмеген. Осыған байланысты қосымша ақпарат алу үшін Қазақстанның Индустрия және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіне сұрау жібердік.
Сонымен қатар, Ресейден 11 жеке тұлға, 29 ұйым және 3 банк, сондай-ақ ресейлік емес бір жеке тұлға мен бір банкке қатысты активтерді бұғаттау тізіміне енгізілгені айтылды.
Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы Есимаса Хаяши баспасөз мәслихатында Жапония G7 елдерін қоса алғанда, халықаралық қауымдастықпен ынтымақтаса отырып, Украина төңірегіндегі жағдайды шешуге бағытталған халықаралық күш-жігерге өз үлесін қосатынын мәлімдеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!