Жапония премьер-министрі жер сілкінісі салдарынан Қазақстанға келмеуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапония премьер-министрі жер сілкінісі салдарынан Қазақстанға келмеуі мүмкін Жапония премьер-министрі Фумио Кисида. Фото: kantei.go.jp

Жапония премьер-министрі Фумио Кишида жер сілкінісіне салдарынан Қазақстанға келмеуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NTV-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапония премьер-министрі Фумио Кишида жер сілкінісіне салдарынан Қазақстанға келмеуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NTV-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін Жапонияның метеорологиялық агенттігі Кюсю аралының оңтүстік бөлігіндегі жер сілкіністерінен кейін Жапонияның Тынық мұхиты жағалауындағы Нанкай жарығында тағы бір жойқын жер сілкінісі болу ықтималдығы жоғары екенін ескерткен.

8 тамызда Астана уақытымен сағат 12:42-де магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпу ошағы Жапонияның Кюсю аралының оңтүстік бөлігінде, Миядзаки қаласынан солтүстік-батысқа қарай 14 шақырым жерде орналасқан.

Еске салайық, Жапония премьер-министрі Фумио Кишида Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 тамызда Қазақстанға сапармен келуді жоспарлаған болатын.

9 тамызда Астанада "Орталық Азия + Жапония" диалогының бірінші саммиті өтеді.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жапония премьер-министрі Фумио Кишида арасындағы екіжақты келіссөздер 10 тамызға жоспарланған", - деп хабарлады Ақорда.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети