Жапониядағы круиз лайнеріндегі төрт қазақстандық Нұр-Сұлтанға келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапониядағы круиз лайнеріндегі төрт қазақстандық Нұр-Сұлтанға келді © REUTERS

Жапонияда коронавирус таралған круиз лайнерінде төрт қазақстандық Нұр-Сұлтанға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапонияда коронавирус таралған круиз лайнерінде төрт қазақстандық Нұр-Сұлтанға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кеше 2:30-да Нұр Сұлтан қаласына Токио қаласынан 20 қазақстандық азамат келді (оның ішінде 4 адам – Diamond Princess жапон лайнерінің жолаушылары). Барлығы медициналық және зертханалық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық", - делінген министрліктің хабарламасында.

Министрліктің мәліметінше, 2020 жылғы 6 қаңтардан 23 ақпанға дейін елімізге 30 066 адам келді. Бүгінгі күнге дейін ЖРВИ белгілерімен 165 адам көпшіліктен оқшауланып, емдеуге жатқызылды, оның 158 шығарылды, стационарларда медициналық бақылауда 7 адам қалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети