Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Алматы облысы Полиция департаментінің екі қызметкері қаза тапты

Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Алматы облысы Полиция департаментінің екі қызметкері қаза тапты

Қаңтарда болған оқиға салдарынан қызметтік борышын атқару кезінде Алматы облысы Полиция департаментінің екі қызметкері қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаңтарда болған оқиға салдарынан қызметтік борышын атқару кезінде Алматы облысы Полиция департаментінің екі қызметкері қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы облысы Полиция департаменті қаңтар айында болған оқиға салдарынан қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасыларына, туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Өкінішке орай, олардың арасында біздің екі әріптесіміз бар. Жедел әрекет ету арнайы жасағының инспекторы Дархан Барғанаев пен әділет прапорщигі Ербол Ержанов құқықтық тәртіпті қорғаудағы қызметтік міндеттерін орындау барысында өмірін құрбан етіп, ел алдында берген антына адал екендерін дәлелдеді", - делінген хабарламада. 

Әділет прапорщигі Ербол Ержанов ішкі істер органдарына 1999 жылы келіп, осы кезге дейін абыроймен қызмет атқарды. Жас қызметкерлерге тәлімгер болды. Артында екі баласы қалды. 

Полиция лейтенанты Дархан Барғанаев ішкі істер органдарына 2011 жылы қызметке келген. Ерлікпен қаза тапқан екі қызметкер де қайтыс болғаннан кейін ҚР Президентінің Жарлығымен "Айбын" орденімен марапатталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети