Жаркенттегі жұртты дүр сілкіндірген оқиға: баланың әкесі оқиғаның егжей-тегжейін айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаркенттегі жұртты дүр сілкіндірген оқиға: баланың әкесі оқиғаның егжей-тегжейін айтты

Жетісу облысында анасынан зәбір көрген баланың әкесі оқиға туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК сюжетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысында анасынан зәбір көрген баланың әкесі оқиға туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК сюжетіне сілтеме жасап.

Әкесінің айтуынша, төрт жасар баланы анасы үш айдан бері ұрып келген. Резонанс тудырған оқиға кезінде әйел баласын кіші дәретін жіберіп қойғаны үшін сабаған.

"Баланы үш айдан бері соққының астына алып келеді. Алғашында денесі көгергенін көріп, "мынау не?" деп сұрағанымда, "інісімен төбелесті" деп жауап берді. 17-сі күні қоғамдық резонанс тудыру үшін ұрып-соққан видеоны әлеуметтік желіге өзім тараттым. Полицияға да өзім барып шағым түсірдім. Енді тиісті жазасын алсын. Қазір екі балам да отбасын қолдау орталығында. Алайда балаларымды өз қолыма алғым келеді", - деді баланың әкесі Тайыр Құрбанжанов.

Балалармен психологтар жұмыс істеп жатыр. Мамандардың сөзінше, қазір бүлдіршіннің жағдайы жақсы. Бұған дейін екі бала Талдықорғанда екені хабарланған болатын.

Мән-жайы

Еске салайық, оқиға Жетісу облысы Панфилов ауданына қарасты Нұркент ауылындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Видео әлеуметтік желілерге тарап кеткен.

Видеода әйелдің шамамен 3–4 жастағы баланы сабап жатқаны көрінеді. Ол баланы теуіп, қолынан жұлқылап, бұрап, басы мен арқасынан бірнеше рет ұрған. Жазба сипаттамасында ананың өз баласын батареяға байлап, ұрып-соққаны, сол сәтте пәтерде тағы үш баланың болғаны айтылған.

Кейін полиция күдіктіні ұстап, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 506.65  course up  593.07  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети