Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жарты жылда Қазақстанда қанша адам қайтыс болғаны туралы мәлімет жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жарты жылда Қазақстанда қанша адам қайтыс болғаны туралы мәлімет жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, бұған дейін 5 ай ішінде қаңтар - мамыр айлары аралығында 50 019 адамның қайтыс болғаны хабарланған еді.
Статистика комитетінің мәліметінше, 2020 жылдың алты айында 64 968 адам қайтыс болды. Салыстыратын болсақ, 2019 жылдың бірінші жартысында 66 613 өлім тіркелді.
Жарты жылда өлім-жітімнің басым бөлігі Шығыс Қазақстанда тіркелді - 6859 адам. Қайтыс болғандар саны бойынша екінші орында Алматы - 6771, одан кейін Қарағанды облысы - 6475 адам тұр.
Өлім саны ең аз жағдай Маңғыстау облысында тіркелген екен - 1531 адам.
Сондай-ақ, комитет өкілдері тіркелген өлім себептерін атады:
қанайналым жүйесі ауруларынан - 15651 адам,
гипертониядан - 423 жағдай,
жүректің ишемиялық ауруынан 5297 адам ,
стенокардиядан - 186,
жедел миокард инфарктісінен - 961,
мидың тамырлы зақымдануынан - 5607,
ісіктерден - 7441, қатерлі ісіктерден - 7257,
жазатайым оқиғалардан, уланудан және жарақаттанудан - 4833,
тыныс алу органдары ауруларынан - 7326.
Өлім-жітімнің жалпы санында кісі өлтіру, өзін-өзі өлтіру және көлік апаттарынан тіркелген жағдайлар бар.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!