Жарты жылда Қазақстаннан қанша адам көшіп кеткені белгілі болды

Дәурен Ерболат
Дәурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жарты жылда Қазақстаннан қанша адам көшіп кеткені белгілі болды Фото: travelcrimea.com

2020 жылдың қаңтар-маусымында Қазақстаннан 10 977 адам көшіп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі LS порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2020 жылдың қаңтар-маусымында Қазақстаннан 10 977 адам көшіп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі LS порталына сілтеме жасап.

Қазақстандықтардың басым бөлігі - 9,8 мыңнан аса адам ТМД елдеріне көшкен. Оған ұлттық статистика комитетінің деректері дәлел.

Ресейге 9,5 мың, Өзбекстанға - 131, Беларуське - 101, Қырғызстанға - 33, Украинаға - 22, Әзербайжанға -16 қазақстандық көшкен.

Сонымен қатар, 1 169 қазақстандық басқа елдерге: Германияға - 780, АҚШ-қа - 131, Канадаға - 59, Израиль - 20, Туркия - 17, Грекия - 7 адам қоныс аударған. 

2019 жылдың осы кезеңінде елден 20 071 адам көшіп кеткен. Осылайша, мигранттардың саны 45,3 пайызға төмендеген.

2020 жылдың бірінші жарты жылдығында 1,8 мың қазақстандық техникалық білім алу үшін шетелге аттанған. Оның ішінде 990 адам экономикалық білім, 539 - педагогика, 313 - медицина, 213 - заң, 136 - сәулет-құрылыс, 85 - ауыл шаруашылығы және 2,1 мыңнан аса қазақстандық басқа мамандықтар бойынша білім алып жатыр.

Жоғары білімі бар 3 395 (бұл көшіп кеткендердің 40,5 пайызы), кәсіби орта білімі бар - 2828 (33,7 пайыз), жалпы орта білімі бар - 1494 (17,8 пайыз), негізгі орта білімі бар 663 (7,9 пайыз) қазақстандық елден көшіп кеткен.

7921 мигрант 15 жастан асқан және зейнеткерлік жасқа жетпеген, 459 адам бұл жас тобынан жоғары, 16 жасқа дейін 2,6 мың қазақстандық басқа елге қоныс аударған.

Сонымен қатар, 503 қазақ, 7 705 орыс, 890 неміс, 759 украин, 271 татар, 141 поляк, 138 белорус, 81 өзбек, 73 корей, 47 әзербайжан және басқа ұлт өкілдері Қазақстаннан көшіп кеткен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети