Жарық өшуіне қарғаны кінәлаған әкім Қазнетте мемге айналды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жарық өшуіне қарғаны кінәлаған әкім Қазнетте мемге айналды 24.kz/ видеодан алынған

Тамды ауылының әкімі Рауан Асқаровтың 24.kz тілшілеріне ауылда неге жарық сөне беретініне айтқан жауабы әлеуметтік желілерде мемге айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тамды ауылының әкімі Рауан Асқаровтың 24.kz тілшілеріне ауылда неге жарық сөне беретініне айтқан жауабы әлеуметтік желілерде мемге айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода әкім тілшіге жарықтың жиі сөнуіне трансформаторға қонатын құстар кінәлі екен айтады. Журналист пен әкім арасындағы диалог мынадай:

- Қарға деген бәле трансформаторға күйіп кетеді де, оған күш түседі де, жарықты сөндіріп тастайды.
- Қарға? Алақандай құс?
- Қанатымен ұшып барады да қанаттары темірге тиеді.

- Қарға жақындамайтындай қоршау керек пе? Қарға жақындамас үшін не істеу керек?
- Қоршауы тұр ғой.
- Енді бұл мәселені қалай шешу керек?
- Мәселені сол ... қалай шешетінін білмеймін.
- Ауданнан сұрайын ба?

Бұл жауап Қазнетт қолданушыларының ашуын келтірді, ал кейбіреулері жай ғана әзіл деп қабылдаған. Желі қолданушылары биліктегі адамдардың бұлай қателесуіне үйреніп қалғанын да жазған.

Айта кетейік, бұған дейін Ерейментау әкімі болуға үміткер Сапар Барлыбаевтың сөзі Қазнетте мемге айналғаны хабарланған болатын. Ол видеода қазақстандықтарға "өз өмірін жақсартатынын" айтып уәде береді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети