Жарық та, су да, жылу да жоқ: Петропавлдағы жаңа ғимарат тұрғындары шағымын айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жарық та, су да, жылу да жоқ: Петропавлдағы жаңа ғимарат тұрғындары шағымын айтты "Хабар 24"

Петропавлда мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған 16 қабатты жаңа ғимаратта көптен бері ыстық су, жарық пен жылу жоқ, газ мүлдем берілмейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған 16 қабатты жаңа ғимаратта көптен бері ыстық су, жарық пен жылу жоқ, газ мүлдем берілмейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Зейнеткер Зайтуна Бейгеуова ұзақ жыл балабақшада еңбек еткен. "Шаңырақ" бағдарламасы бойынша жаңа ғимараттан пәтер сатып алған. Ипотеканы үнемі төлеп отырады – ай сайын 70 мың теңге. Бірақ жылу, ыстық су және жарық мәселесі болатынын білмеген.

"Кеше біраз уақыт жарық болды, сондықтан шәй іштік. Ал бүгін таңертең тұрсақ – жарық жоқ. Құрғақ тамақ жедік те кеттік. Бұл үйде газ жоқ, бәрі жарыққа байланысты. Ал жарқық тәулік бойы болмайды", – дейді әйел.

Жаңа ғимарат тұрғындары мемлекеттік органдар табалдырығын тоздырудан шаршағандарын мойындады. Әкімдікте мәселені шешуге тырысамыз дейді.

"Тұрғындар негізінен жылытқыштарды пайдаланғандықтан, оларда электр жарығы жиі өшіп қалады. Қазір "Альфа-Север" мердігерлік компаниясы оқиға орнында жұмыс істеп, бұл апатты жойып жатыр, содан кейін үйге жарық та, жылу да берілмек. Тұрғындар жеке шот ашқаннан кейін коммуналдық қызмет ақысын мердігер төлейді", - деп түсіндірді Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети