"Жарылғыш зат қойылды". Сәтбаевта полицияға жалған ақпарат берген ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жарылғыш зат қойылды". Сәтбаевта полицияға жалған ақпарат берген ер адам ұсталды elements.envato.com

Сәтбаев полиция қызметкерлері ЖЭО-на "жарылғыш зат" қойылды деп хабарлаған мас ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сәтбаев полиция қызметкерлері ЖЭО-на "жарылғыш зат" қойылды деп хабарлаған мас ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл 20 желтоқсанында сағат 15:00 шамасында Ұлытау облысы Сәтбаев полиция бөлімінің кезекші бөліміне, белгісіз біреуден жылу электр орталығында жарылыс болатыны туралы хабарлама келіп түсті.

Бұл энергетикалық нысанға келген жедел-тергеу тобының қызметкерлері мас күйде болған 27 жастағы ер адамды ұстады, ол кінәсін мойындады.

ЖЭО аумағында жүргізілген тексеріс нәтижесі бойынша жарылғыш зат табылмады.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстанда терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi (бүгiнде – 14,5 миллион теңге) айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, сондай-ақ, шектеуге немесе бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Бұл қылмыс үшін 14 жасқа толған адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, сондықтан мұны мектеп оқушылары да есте ұстауы керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети