07 сәуір 2016 | 18:19

Жарылыс кезінде сарбазды өз денесімен жапқан полковник: Бұл офицердің қарапайым әрекеті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полковник Үмбетов Полковник Үмбетов

Жарылыс кезінде сарбазды өз денесімен жапқан Қайрат Үмбетов нағыз офицердің әрекеті екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық ұланы "Орталық" өңірлік қолбасшылығына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Жарылыс кезінде сарбазды өз денесімен жапқан Қайрат Үмбетов нағыз офицердің әрекеті екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық ұланы "Орталық" өңірлік қолбасшылығына сілтеме жасап.

"Бұл қарапайым күн болды. Мен кез келген офицер баруы тиіс болған әрекет жасадым. Өзімді батырмын деп есептемеймін. 21 жылдан бері қызмет етіп келемін, қазіргі қызметіме 1 жыл бұрын келдім. Бүгінгі жағдай қателік емес, бұл кез келген адамның басында болуы мүмкін. Сарбаз барлығын дұрыс жасады. Бұған дейін олар оқу гранаттарымен жұмыс істеген болатын, ал жауынгерлік гранатаны қолыңа алған кезде бәрі басқаша", - деді Үмбетов брифингте.  


Қайрат Үмбетов. © Tengrinews.kz

Гранатаны лақтырған 19 жастағы сарбаз Абзал Сұлтанқұлов өзі туралы айтып берді. "Мен Жамбыл облысынанмын. Бізге граната лақтыруды үйретті. Тізім бойынша мен бірінші болдым. Дайын болғанмын, дегенмен граната нысанаға жететіндей қатты лақтырмаған екенмін. Полковник Үмбетов мені денесімен жапты", - деді сарбаз. 


Сұлтанкұлов. © Tengrinews.kz 

Сонымен қатар, болған оқиға үшін ешкімнің жауапқа тартылмайтыны белгілі болды.

"Ешкімді жазаға тартпаймыз. Қазір барлық әскери бөлімде оқу-жаттығу өтіп жатыр. Мұндай жағдайлар болып тұрады. Әрбір әскери қызметкер мұндай кезде штаттық киім киеді. Сарбаздың отырып қалуы, полковниктің оны денесімен жабуы нәтижесінде ауыр зардап болмады", - деді генерал-майор Еркін Ботақанов.  


© Tengrinews.kz

Ол полковниктің ерлігі үшін мемлекеттік марапатқа ұсынылатынын айтты.


Полигон. © ҚР ҰҰ


© Тengrinews.kz 

 


© Tengrinews.kz

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети