Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жас маман болған кезінде пәтерге 10 жыл кезекте тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жас маман болған кезінде пәтерге 10 жыл кезекте тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, бүгін Елбасы жоспарланбаған жұмыс сапарында елорданың оңтүстік жағалауындағы теміржол вокзалының қызметімен танысып, вокзал алдында қала тұрғындарымен және қонақтарымен кездесті. Ол "Сарыарқа" ауданының тұрғындарымен әңгімелесіп, сәттілік пен бақыт тіледі, сондай-ақ қаладағы коммуналдық қызметтердің жұмысы жайлы пікірін сұрады.
"Жас маман болған кезімде, пәтерге 10 жылға таяу кезекте тұрдым. Қазір заман басқа. Күш салмай ештеңеге қол жеткізе алмайсың. Сәттілікке жету үшін, тер төгіп, еңбектену керек, нәтижесінде еңбектің жемісін көресіздер", - деді Қазақстан Президенті "Сарыарқа" ауданының тұрғындарына.