Жас режиссерлер Алматы трагедиясы туралы әлеуметтік ролик түсірді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған кдр Видеодан алынған кдр

Елордалық жас режиссерлер Қазбек Рүстембеков пен Еламан Шаубанов Алматыдағы қаңтар оқиғасы туралы әлеуметтік ролик түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Елордалық жас режиссерлер Қазбек Рүстембеков пен Еламан Шаубанов Алматыдағы қаңтар оқиғасы туралы әлеуметтік ролик түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Роликті толық түсіріп, жасап шығуға үш аптадай уақыт кеткен. Директорлар ұсынысына бүкіл ұжым бірден үн қосып, тегін жұмыс істеуге келісті. Қазбек Рүстембеков бейнероликтің негізгі идеясы билік пен халықты адамгершілікке шақыру екенін айтты. Ролик полиция қызметкерінің призмасы арқылы көрсетілген оқиғаға негізделген.

"Біз, жас кинорежиссерлар, оқиғаның ауыртпалығын түсінеміз. Бұдан кейін жаңа қоғамның қандай болатыны әрқайсымызға байланысты. Дәл қазіргі сәтте құқық қорғау қызметкерлерінің әділеттілік танытуы және халықтың адамгершілік қасиеттерін жоғалтпауы маңызды", - деді авторлардың бірі.

Фильмді түсіру бюджетін краудфандинг арқылы қамқор азаматтар жинап берген. Нәтижесінде, қысқа мерзімде 465 мың жиналған. Көмек көрсеткен азаматтарды авторлар видеоның титрында көрсеткен.

"Елорданың үздік мамандары түсірілімге көмектесуге келісті. 40 адам тегін жұмыс істеді. Бұл мемлекеттік тапсырыс емес, бәрін өз ынта-жігерімізбен жасадық. Қаржылық жағынан үн қатып, түсірілімге көмектескендердің барлығына алғыс айтамын", - деді Рүстембеков.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KAZRUSTOV (@kazrustov)

Алматыдағы наразылық шерулері 4 қаңтарда басталып, тәртіпсіздіктерге, соның ішінде мемлекеттік ғимараттарды өртеп, тонауға ұласты. Президенттің бұрынғы резиденциясы мен әкімдік өртенді, наразылар Алматы әуежайын басып алды. 19 қаңтарда Қазақстанда төтенше жағдай режимі алып тасталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro